достоин похвалы Он екі мүшең сау, ақыл-есің түзік болсаң да, бұ дүниеден баз кешуді ойлаған кезің болды ма? Немесе бар сәтсіздігіне Құдайды кінәлаудан артық ештеңе таппайтын сәтің ше? Онда мына суреттерді көзбен шола кетсеңіз. Бұл азаматтың аты-жөні – Дастин Картер. Американдық. Сәби кезінде қатерлі қан ауруымен ауырғандықтан, оның аяқ-қолдарын отап тастаған. Сегізінші сыныпта жүргенде ол мектептің күрес командасына кіргенімен, ұзақ уақыт бойы біреулер үшін күлкі мен мысқылдың эпицентрі болғаннан басқа нәтижеге жетпеді. Оның мүгедек қалпында күрес майталманы болатынын ол кезде ешкім білген жоқ еді… Бірақ Дастиннің еңбекқорлығы мен өмірге деген құлшынысы көп күттірмей-ақ, өз жемісін бере бастады. Жоғары сыныптарда ол мектеп командасын бастап, Огайода күрестен өткен біріншілікке алып барды. Сол жарыста Дастин өз салмақ категориясы бойынша қатысқан 16 спортшының арасынан суырылып шығып, бірінші орынды алып кетті. Міне, осындай азаматтардың құлшынысын байқап-ақ, Алла тағала аманат еткен тәніміздің барлығына шүкіршілік еткің келеді. Өркен Кенжебек

Теги других блогов: спорт Дастин Картер күрес